Бүгін Қостанай облыстық Кәсіподақтар үйінде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс – шара өтті.
Облыстық Кәсіподақ орталығының төрағасы Ирина Аронова БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, кәсіподақ қызметін жариялау бойынша белсенді өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.
Соңғы жылдары Қостанай облысының кәсіподақ ұйымдары БАҚ-пен белсенді ынтымақтастық жасап жатыр. Кәсіподақтардың қызметі туралы жаңалық репортаждары, «Бірінші студия», «Точка зрения» бағдарламалары және т.б. қызығушылық тудырады. «Қостанай таңы» газетінде жаңа жоба жоспарлануда, бұл еңбек қатынастары бойынша сұрақтар мен жауаптар айдары болады.
«Сіздер кәсіподақ қызметінің маңыздылығын аудиторияға жеткізуге, түрлі форматта ақпараттандыруға көмектесесіздер», – деді Ирина Аронова.
Ол өз сөзінде ҚР Кәсіподақтар федерациясы өткізетін «Еңбек адамын ұлықтау» республикалық медиа-конкурсы туралы да айтып өтті, оның мақсаты қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша кәсіподақтардың қызметін көпшілікке танымал ету болып табылады. Конкурс штаттық және штаттан тыс негізде жұмыс істейтін БАҚ және журналистер арасында өткізіледі. Өтінімдер ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.
Салтанатты шарада кәсіподақтармен жұмыс істейтін белсенді журналистерге өңірлік Кәсіподақ орталығының атынан алғыс хаттар мен сыйлық сертификаттары табыс етілді.