Әлеуметтік әріптестік – еңбек адамына әлеуметтік жауапкершілік

Кәсіподақтар әлеуметтік  қоғам  ретінде  атқарушы  билік  органдары  және  жұмыс  берушілермен  әріптестік  үн қатысу  орнатуды  жақтайтын  азаматтық  қоғамның  маңызды  бөлігі, сонымен  қатар  әлеуметтік  және  саяси  тұрақтылықты,  ұлтаралық  келісімді  сақтауда   ерекше  рол  атқаратыны  бәрімізге  белгілі.

Қазақстан  Республикасы  Кәсіподақтар  федерациясының  Бас  кеңесі  2022 жылды «Әлеуметтік  әріптестік  жылы» деп  жариялауына  байланысты  іс – шаралар  ұйымдастырылуда. Бұл  мәселеде  Кәсіподақтар – әлеуметтік базаны нығайтып, тығыз топтасқан еңбек ұжымын қалыптастыруы қажет. Бұл – әрдайым кәсіподақтардың ісі болып келген.

Әрбір  ұжымда  ұжымдық  шарттың  орындалуына  бақылау  жасалуы тиіс.  Ұжымдық шарттың барлық тұсы жария және айқын болып, олар әрбір жұмыскерге түсіндірілуі қажет. Тек сонда ғана жұмыскер мен жұмыс берушілер арасында өзара толық түсіністік орнайтын болады.

«Қызмет» мемлекеттік,  банк  мекемелері  және  қоғамдық  қызмет  көрсету  қызметкерлерінің  салалық  кәсіподағы»  қоғамдық  бірлестігінің  Түркістан  облыстық  филиалы  өз  жұмысын  Қазақстан  Республикасы  Кәсіподақтары  қызметінің «Әділеттік пен  дамуға – бірлікте»  атты   2020-2025  жылдарға  арналған  стратегиясын,  «Қызмет»  салалық  комитеттің  қаулыларын  басшылыққа  ала  отырып  жұмыс  атқарып  келеді.

Қазіргі  таңда  республикалық  «Қызмет»  салалық  кәсіподағында  Түркістан    облыстық  филиалы –  ең  ірі   ұйымдардың  бірі.  Біз  қоғамымыздағы  болып  жатқан  өзгерістерден  шет  қалмай,  өз  кәсіподақ  мүшелеріміздің   әлеуметтік – экономикалық  құқығын  қорғауда  еліміздегі  заң  аясына  сәйкес  әлеуметтік  әріптестіктің  үлгісін  көрсетіп,  кәсіподақ  мүшелерінің  игілігіне  өз  күш – жігерін  жұмсап  жүрген  қоғамдық  ұйым  екенімізді  көрсетіп  келеміз.

Бастауыш кәсіподақ ұйымынан бастап Қазақстан Республикасы  Кәсіподақтар  Федерациясына  дейін  өз  кәсіподақ  мүшелерінің  әлеуметтік – экономикалық  заңды құқықтары  мен  мүдделерін  қорғаумен  айналысатындықтан,  кәсіподақ   белсенділері  кәсіподаққа  мүше  болудың  артықшылықтарын  түсіндіріп,  көздерін  жеткізу  арқылы  кәсіподақ  қатарын  нығайтып жұмыстар  атқаруда.

«Қызмет»  Салалық  кәсіподағының  Түркістан  облыстық  филиалы облыс  аймағындағы   17  аудандық,  қалалық  кәсіподақ  комитеттеріне,  жергілікті  мемлекеттік  мекемелерде  құрылған  бастауыш  кәсіподақ  ұйымдарына  басшылық  жасайды.

Облыстық кәсіподақ ұйымында 395  бастауыш  ұйым,  11 295  кәсіподақ  мүшесі  бар. Оның  ішінде  әйелдер саны:  3723,  ал 35 – ке дейінгі  жастар  саны:  3802  адамды құрайды.

Облыстық  ұйымның  негізгі  мақсаты –  еңбеккерлердің  еңбегі  мен  еркіндігін  сенімді  қорғау,  кәсіподақ   ұйымдарын сақтау  және  көбейту арқылы кәсіподақ  қызметінің  ролін  күшейту.

Кәсіподақ  ұйымының  жұмысы   пәрменді  болуы – оны  басқарып  отырған  көшбасшыға  байланысты  екені  сөзсіз.  Сала қызметкерлерінің еңбек  құқығының  бұзылуына  жол  бермеуге  атсалысып  жүрген көшбасшылардың  еңбегі  орасан  зор.  Ол қажырлылықты, қайсарлықты, білімділікті,   шешендікті,  адалдық  пен  адамгершілікті,  өз  ісінің  шебері  болуды  талап  етеді.

Өз кезегінде еңбек ардагерлерімен  кездесулер  өткізіліп, еселі еңбекпен есейген өмір жолдарынан естеліктер  айтып, жастарға насихаттау  жұмыстары  жүргізілуде.

Кәсіподақтар – жұмысшылар  мен  қызметшілердің  құқығын қорғайтын  сенімді  ұйым  болуы  үшін, кәсіподақтың  ең  басты  міндеті –  мүшелерінің  құқығы  мен  мүддесін  қорғауды  табысты  орындауға,  барлық  күш – жігерімізбен  алдағы  уақытта  да,  биік  белестерді  бірге  бағындырамыз   деген  сенімдеміз,-дейді «Қызмет»  Салалық  кәсіподағының Түркістан  облыстық  филиалының төрайымы Күлдар Есебаева.