Ақтөбе облысының кәсіподақтар орталығының Заң клиникасының қоғамдық қабылдауына азаматтар келіп, кеңес алуда.
Өңірдегі мұнай компанияларының біразына клинингтік қызмет көрсететін және азық –түлікпен қамтамасыз ететін серіктестік жұмысшылары қоғамдық қабылдауға келді. Серіктестік жұмысшы А. Әкімгерееваның айтуынша, олар 2014 жылдан бері «Биккор» серіктестігінің құрамында болған, кейін оларды 2021 жылы «Болашақ» серіктестігіне ауыстырған. Онсыз да ұзақ жылдар бойына мардымсыз жалақы алып келген жұмысшылардың үміті бұл жолы да ақталмай отыр. Олар жалақының аз екенін, жұмыс берушілердің оны көтеруге ниетті еместіктерін жеткізді. Және жыл сайынғы кезекті еңбек демалысының төленбейтінін айтты.
Кәсіподақтар орталығының Заң клиникасы оларға бастауыш кәсіподақ ұйымын құрудың артықшылықтары туралы толығырақ түсіндіріп, жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты.
Қабыладуға келген жұмыскерлер бастауыш кәсіподақ ұйымын құрып, өздерінің еңбек құқықтарын еліміздегі заңнама аясында қорғамақ.
Азаматтарды қабылдау Ақтөбе қаласы,Маресьев көшесі 91 мекенжайы бойынша күн сайын жүргізіледі. 54-56-77 телефоны бойынша кеңес алуға немесе қабылдауға жазылуға болады.