Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен өткен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығының бастамасымен әзірленген «2021-2023 жылдарға арналған Қарағанды облысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі «Қауіпсіз еңбек» өңірлік бағдарламасын іске асыру барысы туралы мәселе егжей-тегжейлі қаралды.
Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Ирина Любарскаяның ақпараты бойынша 2022 жылдың басынан бастап Қарағанды облысы бойынша 71 жазатайым оқиға орын алып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (2021 жылы-96 жазатайым оқиға) 26% – ға төмендеген. Соның ішінде 81 адам зардап шегіп, 9 адам қаза тапқан.
Өз кезегінде Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабеков қазіргі уақытта Қарағанды облысының ұйымдары мен кәсіпорындарында 1140 өндірістік кеңестер жұмыс істейтіндігін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі 1097 техникалық инспектор арнайы оқытудан өткенін айтты.
«Кәсіподақ орталығы мен «Қорғау» көміршілер кәсіподағының бастамасымен, Қарағанды облысының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының қолдауымен еңбек жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамаларын беру және халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тергеп-тексеру қағидаларына толықтыру енгізу жөніндегі мәселені шешу бойынша Республикалық жұмыс тобының отырысы өтті», – деп атап өтті Болат Жұмабеков
Одан әрі облыстық кәсіподақ төрағасы әлеуметтік әріптестерге Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының парламенттік жұмыс топтары шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмысы туралы хабардар етті:
– кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылған кезде зиянды өтеу мәселелерінде әділ тәсілді белгілеу бөлігінде;
– жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде кінә дәрежесін болғызбауға;
– ауыр, зиянды, қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің зейнет жасын төмендету;
– мемлекеттік еңбек инспекторларының санын арттыру;
– өндірістік кеңестер құрамындағы техникалық инспекторлардың өкілеттіктері мен жауапкершілігін кеңейту;
– өндірістік кеңестердің рөлін күшейту және оларды кәсіпорындар мен орта және ірі кәсіпкерлік ұйымдарында құру міндеттілігін енгізу.
Аталған мәселені талқылауға біздің әріптестеріміз Евгений Буслаев – «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы, Виктор Щетинин – «Жақтау» метталургтар кәсіподағының төрағасы, Сергей Белкин – Қарағанды облысы еркін кәсіподақтар Достастығының төрағасы, Максим Аблин – Қарағанды Кәсіподақтар одағының төрағасы, Куйдайберды Оспанов – Қарағанды облысы кәсіподақтар коалициясы «Аманат» ӘКК» төрағасы қатысты, деп қорытты Болат Жұмабеков.
Кездесу барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды дамытудың іске асырылып жатқан стратегиялары, сондай-ақ технологиялық жабдықты жаңарту туралы ақпаратпен облыстың ірі кәсіпорындары – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өкілдері сөз сөйледі.
Қорытындылай келе, облыс басшысы Жеңіс Қасымбек кеңеске қатысушылардың назарын коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайларының күрт өсуіне және ұжымдық иммунитетті қолдау бойынша бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыруға, еңбек ұжымдары мен олардың отбасыларының вакцина және ревакцина алу арқылы сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеуге аударды.