Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жолдамасымен 40- қа жуық педагог еліміздегі емдеу-сауықтыру орталықтарында тынығуда. Кәсіподақ мүшелері жазғы демалыстарын «Щучинск», «Сарыағаш», «Жаңақорған» шипажайларында өткізіп жатыр.
Ұстаздар кешенді ем қабылдап, таза ауада серуендеп, көрікті жерлерді аралап бос уақыттарын керемет өткізуде.
«Мұғалім мәртебесі-қоғамның абыройы. Ұстаздардың мерейін өсіріп, шипажайда демалып, денсаулығымызды нығайтуымызға көңіл бөліп отырған кәсіподаққа алғысымыз шексіз», – дейді ойылдық педагогтер.