Тәжірибелі заңгерлер мен медиаторлар Павлодар облысы кәсіподақтарының татуластыру орталығында қабылдау жүргізуде

2022 жылғы 4 шілдеде Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығында» Павлодар облысының белгілі медиаторлары мен заңгерлерінің қатысуымен азаматтарды бірлескен қабылдау апталығы аясында «МИР» Өңіраралық Медиация орталығы» жеке мекемесінің медиаторы, Павлодар облысы заң консультанттары палатасының заңгері Фазылбек Дарбаев еңбек дауы тараптарын медиация арқылы татуластыру тәжірибесімен бөлісті.

Фазылбек Дарбаев мемлекеттік қызметші ретінде Павлодар облыстық сотының сот отырысының хатшысы, бас маманы, Павлодар қаласы әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта 10 жылдан астам тәжірибелі заң кеңесшісі, Павлодар облыстық заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылады. 2018 жылдан бастап кәсіби медиатор біліктілігін алғаннан кейін Фазылбек Дарбаев неке-отбасы, азаматтық және еңбек даулары бойынша медиацияны сәтті өткізді.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің шақыруы бойынша Ф.Дарбаев «Татуласу орталығы» кәсіподақтардың татуластыру орталығында азаматтарды қабылдап, қойылған барлық сұрақтарға, оның ішінде 87477025840 жедел желіге келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Қабылдау аясында кәсіби медиатор Ф.Дарбаевпен Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығының» басшысы М. А. Иванова кездесіп, өзара тәжірибе бөлісті.

Қабылдау барысында жүгінген қала кәсіпорындарының бірінің қызметкері жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу тәртібі туралы кеңес алды.

Сонымен қатар, жедел желі арқылы еңбек демалысын беру тәртібі, жұмысқа қабылдау кезінде сынақ мерзімін белгілеу, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзған жағдайда келісім комиссиясына жүгіну тәртібі және қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу тәртібі туралы сұрақтарға жауаптар берілді.

Павлодар облысының Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі алаңында медиатор және заңгер Ф.Дарбаевпен ынтымақтастық тұрақты негізде жалғасатын болады.