Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызмет күнімен құттықтады

2 шілдеде Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтті.

«Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов ҚР СІМ «Дипломатиялық сервис» ШЖҚ РМК бастауыш кәсіподақ ұйымына барып, құттықтады. Аталған ұйымның директоры Серік Шәмшітовты және бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерін кәсіби мерекемен құттықтаған Атақозы Нұрланов өз лебізінде: «Сіздің еңбек ұжымыңыздың қызметі осы тамаша мерекеге тікелей байланысты. Ұйым қызметкерлерінің күнделікті еңбегі ерекше құрметке лайық. Сіздер өз жұмысыңызды кәсіби орындай отырып, Сыртқы істер Министрлігінің қызметін тиімді қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосып келесіздер. Дипломатиялық қызметтің іркіліссіз жұмысы нақ сіздерге байланысты болады. Сізге және ұжымға мықты денсаулық, бейбітшілік, тұрақтылық, амандық, еңбегіңізге сәттілік және барлық жақсылықты тілеймін»,-деп атап өтті.

Кәсіподақтың белсенді мүшелеріне Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді. Марапатталғандардың арасында қызметтік үй-жайларын тазалаушылардан бастап, әртүрлі жұмысшылар, бағдарламалық-ақпараттық және көліктік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлер де бар. А. Нұрланов «Қызмет» кәсіподағы атынан оларға кәсіподақ жұмысына белсенді қатысқаны үшін, көп жылдық адал еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін шынайы алғысын жеткізді.

 

Сондай-ақ, салалық кәсіподақтың Орталық кеңесі атынан ҚР Кәсіподақтар федерациясының шипажайларында 30% жеңілдік сертификаты табыс етілді.