Шымкент қалалық Кәсіподақ орталығының «Заң клиникасы» қызметіне А. есімді азаматша шағымын айтып келіп, заң аясында көмек көрсетуді сұрады.
Азаматшаның айтуынша, ол қаржы орталығынан өз тұрғын үйін кепілге қойып, несие алған алған. Белгілі жағдайларға байланысты несиесін мерзімінен кешіктіріп, төлей алмай, бүгінде кепіл мүлкі сатылымға шығарылған. Орын алған жағдайға байланысты «Заң клиникасы» қызметкерлерінен заң аясында көмектесуін өтініп, құқықтық көмекке жүгінді.
Өз кезегінде «Заң клиникасының» маманы істің мән-жайын тыңдап, ұсынылған құжаттармен танысты. Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының талаптарын түсіндіріп, құқықтық кеңес берді. Сондай-ақ, азаматшаның сұранымы бойынша тиісті инстанцияға өтініш рәсімдеуіне жәрдем жасады.