Қарағандылық кәсіподақ шағын футболдан турнир ұйымдастырды

Қазақстан Республикасының астанасы күні Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері арасында шағын футболдан жолдастық турнир өткізді.

Ойынға «Қарағанды Су» ЖШС, «Қарағанды қаласының қалалық коммуналдық шаруашылығы» ЖШС, «Карцемент» АҚ, «CentralAsiaCement» ЖШС еңбек ұжымдарының 4 командасы қатысты.

Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды филиалының төрағасы Айқын Ахметов турнир өте қызықты өткенін, барлық қатысушылар жүлделі орын үшін күресіп, жарқын, әдемі спорттық ойын көрсеткенін атап өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша I орынды «Қарағанды Су» ЖШС командасы иеленді.

Барлық командаларға грамоталар, кубоктар мен медальдар табысталды. Спорттық іс-шара аяқталғаннан кейін Кәсіподақтың облыстық филиалы барлық қатысушыларға дәмді түскі ас берді.