Қарағанды облысының теміржолшылары үшін оқыту семинары өткізілді

Теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің Қазақстандық Салалық кәсіптік одағының Қарағанды филиалы (ҚАЗКӨЛІКӘСІП) бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен Қарағанды өңірінің цех комитеттерінің төрағалары үшін «Бірлік пен жасампаздықтың 30 жылы» ұранымен салалық кәсіподақтың 30 жылдығына арналған оқыту семинарын ұйымдастырды.

Семинарды ҚАЗКӨЛІКӘСІП Қарағанды филиалының төрағасы Яхия Альмусин ашып, барлық қатысушыларға белсенді, жемісті жұмыс, шығармашылық идеялар мен жағымды эмоциялар тілей отырып, кәсіподақ активін жүйелі түрде оқыту кәсіподақтың бастауыш ұйымдарына және олардың көшбасшыларына кәсіподақ мүшелерімен жұмыс істеуде, әлеуметтік әріптестік орнатуда, олардың кәсібилігі мен құзыреттілігін арттыруда жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуге бағытталғанын атап өтті.

Кәсіподақ комитеттеріндегі ұйымдастыру жұмыстарының негізгі бағыттары туралы ҚАЗКӨЛІКӘСІП Қарағанды филиалының бас сарапшысы Галина Прохорец айтып берді.

Семинар қатысушылары іс-шара барысында кәсіподақ жұмысын реттейтін нормативтік құқықтық актілермен танысты.

Ашық диалог барысында заңнаманы бұзудың нақты жағдайлары қаралды (кейстер), қорытындылар жасалды. Материал ұжымдық келісім туралы білім туралы викторинамен бекітілді.

Филиалдың бас бухгалтері Дамира Үкенова кәсіподақтардың қаржылық жұмысы, шығындар сметасын жасау, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы айтты.

Жаңаарқа жол дистанциясы кәсіподағының бастауыш ұйымы кәсіподақ комитетінің төрағасы Болат Тұрсынбеков еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қоғамдық бақылауды жүзеге асырудағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сондай – ақ өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысқандары туралы Қарағанды сигнализация және байланыс дистанциясы кәсіподағының төрағасы Шопырбай Нұркенов және Ақадыр жол дистанциясы кәсіподағының төрағасы Дүйсенбай Айғаринов хабарлады.

Келісім комиссияларының жемісті жұмысы туралы НОДГП – 4 Қарағанды пайдалану вагон депосы цех комитетінің төрайымы Сымбат Медеуова және магистральдық желінің Қарағанды бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің төрағасы Еркебұлан Жұмаханов өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға қатысушылар үшін нағыз мереке корпоративтік тимбилдинг болды, онда кәсіби мәдениетті және кәсіподақ көшбасшыларының бірлігін дамыту үшін ұжымдық ойын өткізілді.

Барлық қатысушыларға өздерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын таныстыру мүмкіндігі берілді. Қарағанды локомотив пайдалану депосы цехкомының төрағасы Ерлан Мұқанов кәсіподақ жұмысын шығармашылық тұрғыда таныстырды.

Қатысушылардың айтуынша, семинар мазмұнды әрі қызықты өтті. Ақадыр жол дистанциясы кәсіподағының бастауыш ұйымының төрағасы Дүйсенбай Айгаринов жеке өзінің және кәсіподақ комитетінің барлық төрағаларының атынан кәсіподақтың Қарағанды филиалына өте жақсы ұйымдастырылған семинар үшін алғысын білдірді.

Дөңгелек үстелдегі оқыту семинарының екі күнін қорытындылай келе, кәсіподақтың Қарағанды филиалының төрағасы Яхия Альмусин барлығына белсенді және жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жаңа білім алуға, кәсіподақ көшбасшыларының даярлық деңгейін арттыруға ықпал ететін осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.