Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы ұйымдастыруымен “ӨзенМұнайГаз” кәсіподақ белсенділеріне арналған екі күндік семинар басталды.
Семинар “Еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі”, “Әлеуметтік әріптестік” “Ұжымдық шарт”, “Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру”, “Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау” тақырыптарын қамтиды.
Шымкент қаласында өтіп жатқан семинардың ашылуында аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бауыржан Әлтеев семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Өзенмұнайгаздық кәсіподақ белсенділерімен оқудың бірінші күнінде еңбек заңнамасының қолдану тәжірибесімен, Келісу комиссиясы жұмысын ұйымдастыру, Кәсіподақтар қызметінің құқықтық негіздерімен Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыру-кадр жұмыстары департаменті директоры орынбасары Ляззат Есжанова, Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі бас маманы Майра Боранбаева бөлісті.
Семинар жұмысы ертең еңбек қауіпсіздігі, ұжымдық шарт, кәсіподақ көшбасшылығы тақырыптарында жалғасады.