Кәсіподақ активінің басқару құзіреттілігін арттыру

“ӨзенМұнайГаз” кәсіподақ белсенділерінің бірінші оқу тобы екі күндік семинарды тәмамдады.

Семинар жұмысы аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев кәсіподақ белсенділерімен кездесіп, пікір алмасты. Кездесу барысында кәсіподақ белсенділері Н.Өтешев әңгімелеген Кәсіподақтар федерациясының кәсіподақтық жобаларына қызығушылық танытып, кәсіподақтық оқулардың маңыздылығы туралы ұсыныс-пікірлерін білдірді

.

Ұйымдастырылған оқу семинарының екінші күнінде қатысушылар еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі заң ережелері мен әлеуметтік әріптестік, ұжымдық шарт туралы дәріс алып, тәжірибелік жағдайларды талқылады. Екі күндік семинар қорытындысымен қатысушыларға Сертификаттар табысталды.