Кәсіподақ «Мектепке жол» акциясына үлес қосты

Ақтөбе рельс арқалы зауытының бастауыш кәсіподақ ұйымы әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясын үлес қосты. Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Ақтөбе рельс арқалық зауыты басшылығы мен кәсіподағы демеушілігімен 2 отбасының 4 баласынаа мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен кимі кешек таратылды. Сыйлықтарды тарту барысында оқушыларға тілектер айтылып, жаңа оқу жылы сәтті басталсын деп кеңес айтылды.Сонымен қатар зауыт қызметкерлерінің бірінші класқа оқуға баратын 69 балаға әрқайсысына 20 мың тенгеден ақшалай көмек көрсетілді.

Ұжымдық шарт аясында әлеуметтік кепілдіктер жақсы қарастырылған. Білім күні қарсаңында зауыт еңбеккерлерінің 4 және де одан көп баласы бар отбасыларына қолдау ретінде әр балаға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде,яғни 15 315 тенгеден қаржылай көмек көрсетілді, – дейді бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Марс Жарасұлы.