Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов: “Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан өз халқына арнаған Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағытын айқындап берді.
Ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізуді ұсынып, 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеру шешімін қабылдағанын айтты. Бұл қазіргі қиын сәтте 2 млн. жуық адамның тұрмысына қолдау болары анық.
Соңғы жылдары елімізде жұмыскерлер жалақы көлемінің мардымсыз екенін айтып, ереуілдерге шығып, өз талаптарын қойып келеді. Біздің елімізде орташа жалақы мөлшері 260 мың теңге болса, халықаралық стандарт бойынша ең төменгі жалақы деңгейі оның тең жартысына сәйкес болуы қажет.
Бұған дейін ҚР Кәсіподақтар федерациясы жұмысшылардың талаптарын ескере отырып, жалақыны арттыру және ең төменгі жалақы деңгейін көтеруді индекстеу тәртібінің әдістемесін республикалық үшжақты комиссиясының отырысында ұсынды. Енді жалақыны индекстеу ұғымын Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындап белгілеу күтілуде.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында ең төменгі жалақы көлемін кезең-кезеңмен арттырылатын айтты. Осы ретте Кәсіподақтар Президент пен әлеуметтік әріптестердің халық үнін естіп, алдағы уақытта оның жүзеге асырылатына сенім білдіреді.
Президент зейнетақы жүйесін айқындап берді. Қоғамда айтылып жүрген өзекті мәселелердің бірі – әйелдер үшін зейнеткерлік жас деңгейі 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде болады.
Сонымен қатар, биылғы Балалар жылында жаңа бағдарламаны ұсынуы көңіл қуантады. 2024 жылдан бастап әр отбасы балаларының жеке шоттарына Ұлттық қордан қаражат аударып, кәмелет жасына толған уақытта баспана мен білім алу үшін пайдалануға мүмкіндік берілмек.
Қазіргі кезеңде елімізде мектеп тапшылығынан үш ауысыммен оқыту жүргізілуде. Осы орайда Президент сыбайлас жемқорлардан алынған ақшаны мектеп құрылысына пайдалануға берген тапсырмасы өте орынды.
Мемлекет басшысы жастарға жан-жақты қолдау танытып отыр. Жастардың сапалы білім алуына, кәсіпкерлікпен айналысуына, еңбекпен қамтылуына жағдай жасалатындығын мәлімдеді. Жастардың кәсіпкерлік бастамасына жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Оған қоса, Тоқаев жылдық 2-3 пайыз жеңілдікпен оқу несиелері мен жаңа гранттарды жариялады.
Бұл келешек ұрпақтың білім алуына, жастардың болашаққа сенімді қадамына, қарапайым еңбек адамдырының әл-ауқатының жақсаруына үлкен ықпал береді”.