«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын теледидардан тікелей көрсетілім арқылы тыңдады. Қасиетті отанымызды өркендетуге арналған Жолдауда Қасым-Жомарт Кемелұлы қоғамның барлық саласын қамтып, әсіресе еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды.
Тыңдаушылар Жолдауда білім мен денсаулық, адами құндылық, қоғамдық мәселелер, ұлт пен ұрпақтың келешегіне қатысты болған келелі құжаттан әркім өзінің санасында сабылысқан сан түрлі сауалдың жауабын тапқандай болды. Жолдаудың негізгі бағыты – халықтың тұрмыстық, әлеуметтік жағдайын көтеру. Тікелей эфир аяқталған соң АКБ қызметкерлері Жолдауға қатысты пайымды пікірлері мен орамды ойларын ортаға салып, өз ойларымен бөлісті. Жиналған ұжым ҚР Президентінің Жолдауын осылайша мұқият тыңдап, толық қолдады. Ендігі міндет Жолдаудағы жоспарды, берілген тапсырманы рет-ретімен нәтижелі орындау.