Кәсіподақ жетекшілері Көкжидегі мұнайшылармен кездесті

Ақтөбе облысындағы Көкжиде кенішіндегі «КМК мұнай» компаниясының жұмысшылары жалақыны 100 пайыз көбейтуді талап етіп, жуырда 10-шы қыркүйекте ереуілге шығатындарын мәлімдеген болатын.

“Осыған дейін олардың талап өтініштеріне компания жетекшілері жалақыны көтермейміз деп жауап берген. Жұмысшылар кәсіподағы ұжымдық шартқа да өзгерістер енгізгуге ынталы. Алайда, әлеуметтік әріптестер жұмысшылардың жағдайын оң шешуге ықпал ете алмауда”, – дейді бастауыш ұйым төрағасы Е. Елеманов.

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Мұхтар Әкімов бастауыш кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, олардың өтініштерін тыңдап қайтты. Кездесуге еңбек инспекциясының да өкілдері қатысты.Әзірге келіссөздер жүргізілуде.