Кәсіподақ төрағасы мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен құттықтады

«Павлодарэнерго» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Б.Төлеубаев «Мұнай коксын қыздыру қондырғысы (УПНК-ПВ)» ЖШС ұжымын Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен құттықтады.

Адал еңбегі және мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіподағы» ҚБ грамотасымен өндірістік зертхананың 5-разрядты Химиялық талдау зертханашысы Гричушкина Евгения Сергеевна марапатталды.

«Павлодарэнерго» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ грамотасымен № 1 цех ауысым бастығы Амагельдинов Бақытжан Нұрланұлы, № 1 цехтың тауар өнімінің операторы Бурцев Денис Николаевич, №1 цехтың технологиялық қондырғыларды жөндеу слесарі Дмитриев Александр Сергеевич, №1 цехтың технологиялық қондырғылар операторы Ибраев Талғат Алтайұлы марапатталды.