Алапат өртпен алысқан ағайынға қолдау көрсету – парыз! Бүгінде Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы мен оның филиалдары жер-жерде ашылған қабылдау пунктеріне азық-түлік, күнделікті қажетті тұрмыстық заттар мен жылы киім-кешек апарып жатыр. Қаржылай көмек аударып жатқандар тағы бар.
«Қайғыны бөліссең – азаяды» демекші жалын шарпыған қостанайлықтарды ел болып қолдап, қатарға қосу – бүгінгі күннің басты мәселесі. Ендеше, ел басына күн туғанда қарап қалмай, Қостанайға қолдан келгенше көмек берелік.