Кеніш басында мерекелік марапаттар табысталды

«ТұзкөлМұнайГаз Оперейтинг» серіктестігінде Мұнайшылар күні мерекесі аталып өтті. Кеніш басындағы кездесуге Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов қатысып, кәсіподақ мүшелеріне бірлестіктің мерекелік марапаттарын табыстады.

«Мұнай өндірісі облысымыздағы көптеген жұмыскерлерге жұмыс беріп отырған ауқымды сала. Мұнайшылардың еселі еңбектерін өз отбасыларының игілігіне және сонымен қатар қоғамның тұрақтылығына қосып жатқан үлкен үлестерімен байланыстырамыз. Кәсіподақтар әрқашанда еңбек адамының игілігі үшін қызмет атқарады, сондықтан мереке күні Сіздердің еңбектеріңіз бен қоғамдық белсенділіктеріңізге алғыс айтуға орталарыңыздамыз. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!» деп құттықтау арнады Марат Бәйімбетов. Кәсіподақ мүшелерін айтулы күнмен жергілікті кәсіподақ төрағасы Бақытжан Мұқашева да құттықтап, лебізін білдірді.