ҚРКФ Заң клиникасы кеңес береді

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Қостанай филиалының заң клиникасы қызметінің бағыттарының бірі адвокаттармен бірлескен консультациялар өткізу болып табылады. Бұл жұмыс форматы кәсіподақ мүшелері мен азаматтардың құқықтарын қорғау, қолдану, іске асыру, сондай-ақ сот және мемлекеттік органдарға қажетті құжаттарды дайындауға көмек көрсету бөлігінде заңгерлік қызметті сапалы көрсетуге мүмкіндік береді.

2022 жылдың 7 қыркүйегінде заң клиникасына аймақтағы кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеген азамат Д. жүгінді.

Өтініш берудің себебі қызметкерді өз еркімен мәжбүрлеп жұмыстан шығару болды. Осы мәселе бойынша түсініктемелер берілді. ҚР ЕК 159-бабы 1-тармағына сәйкес жеке еңбек дауларын келісу комиссиялары, ал реттелмеген немесе келісу комисиялардың шешімдерін орындамау мәселелерін ҚР ЕК 22-бабы 1-тармағының 16) тармақшасында және 23-баптың 1-тармағында көзделген соттар қарайды.

8 (7142) 54-23-43, Whatsapp 8-708-475-46-20 телефондары бойынша кеңес алуға немесе қабылдауға жазылуға болады.