Кәсіподақ мүшелерімен кездесулер жалғасып жатыр

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында “Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қалалық емханасының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесіп, олардың жағдайымен танысты. Аталмыш ұжымда бүгінде 296 еңбеккерлер жұмыс атқарады. Барлығы – кәсіподақ мүшелері.

Жиында сөз алған Бердіғали Өмірәлі бүгінгі еңбек ұжымдарымен өткізіліп жатқан мұндай кездесулер еңбеккерлердің шешімін таппаған өзекті мәселелерін ортаға салып, жүзбе-жүз сөйлесу мақсатында ұйымдастырылып отырғандығын жеткізіп, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек қатынастарын реттеу және кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктері түсіндірілді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы сөз етіліп, кәсіподақ мүшелерімен негізінен әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру жолдарын қамтитын 5 бағдары бойынша пікір алмасты.

Жиын соңында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі қатысушыларға өз ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.