Республикалық «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» жанындағы “Келешек” жастар кеңесінің ұйымдастыруымен Талдықорған жоғары медициналық колледжіндегі жастармен кездесуге Мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қаһарман Жақсылық және «Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» Жастар кеңесінің төрағасы Бахтияр Жаксикельдинов қатысты.
Шараның басты мақсаты жастарды әлеуметтік-еңбек қатынастары, білім беру және кәсіптік даярлау саласындағы құқықтары туралы хабардар ету, кәсіподақ қатарына тарту арқылы олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Филиал төрағасы кәсіподақ жұмысы жайлы қысқаша ақпарат беріп, оның маңыздылығы туралы баса айтып өтті. Сонымен қатар, «КЕЛЕШЕК» Жастар кеңесінің мүшелеріне кәсіподақ федерациясының YouTube каналы және «Заң клиникасының» жұмыстарына тоқталды. «Заң клиниасында» әр аптаның сейсенбі күндері қабылдау өтетінін хабардар етті.