Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы ҚРКФ Заң клиникасының филиалына кезекті қабылдауға еңбек жағдайларын өзгерту мәселесі бойынша өтініш беруші жүгінді.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 46-бабына сәйкес еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына тиісті өзгерістер немесе толықтырулар енгізіледі.
Жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 46-бабының 2-тармағына сәйкес қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық, технологиялық жағдайлардың, еңбекті ұйымдастыру жағдайларының өзгеруіне және (немесе) жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге байланысты себептер бойынша болған еңбек жағдайларының өзгеруі туралы жұмыскерді күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етуге міндетті.