«Aqtobe su-energy group» АҚ-ның жергілікті кәсіподағы Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында 5 млн теңге қаржы аударды. Қостанай облысында бірыңғай қоғамдық қор құрылған болатын.
«Біздің жергілікті және бастауыш кәсіподақ ұйымдарымыз қостанайлықтарға белсенді қол ұшын беруде. Бұл өте кұптарлық. Қайырымдылық көмек көрсету – ізгі шара. Осыған ақтөбелік кәсіподақ мүшелерінің атсалысуы өзгелерге де үлгі болар деген ниетеміз», – деді «Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлері салалық кәсіподағы» Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Куанбай Коктов.