Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасы тегін консультациялар өткізеді

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасының филиалы заңгерлік консультациялық қызметтер мен татуластыру келіссөздерін, медиация рәсімдерін жүргізу бойынша қызметтер көрсетеді.

Заң клиникасының қызметкерлері тәжірибелі заңгерлер мен медиаторлар болып табылады.

2022 жылы қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен 140-тан астам өтініш қаралды, 49 еңбек даулары Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығы» татуластыру орталығында татуластыру рәсімдері арқылы шешілді.

Кәсіподақ мүшелері еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау, жалақы, еңбек тәртібі, әлеуметтік мәселелер, еңбек демалыстары мен сауықтыру жәрдемақысын беру, еңбек шартын бұзудың негізділігі, Ұжымдық шарт талаптарын орындау мәселелері бойынша жүгінеді.

Павлодар облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаты, заңгерлер, адвокаттар, медиаторлар, «Татуласу орталығы» татуластыру орталығының басшысы М.А. Иванованың қатысуымен қоғамдық қабылдауда қаралған әрбір азаматтардың өтініштері өз шешімін табады.

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы ҚРКФ Заң клиникасының филиалына жүгінген азаматтар «КЕРІ БАЙЛАНЫС ҮШІН РАХМЕТ» кітабында жұмыс туралы пікір қалдырады.

«Жасы бойынша зейнетақы рәсімдеу үшін еңбек өтілін растауға көмек көрсеткені, сотқа өтініш ресімдегені, назар аударғаны және жауаптылығы, нақты құқықтық консультация бергені үшін алғыс білдіреміз», «Назар аударғаны және тыңдай білгені, құқықтарын, қорғау алгоритмін түсіндіргені үшін алғыс айтамыз», «Татуласу орталығына жүгінгендердің барлығы білікті, уақтылы көмек алатынына сенімдімін», «Ұжымның рухы мен көңіл – күйі оптимизм мен тараптарды татуластыруда мақсатқа жетуге деген ынтаны береді», – мұндай пікірлер кері байланыс кітабында кәсіподаққа, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасы филиалының қызметкерлеріне алғыс ретінде атап өтілді.