Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі еңбек заңнамасының негіздеріне оқытуды жалғастыруда

2022 жылдың 15 қыркүйегінде Одақтар үйінде келісім комиссияларының дауларды шешу тәртібі, медиация негіздері бойынша «Еңбек даулары, олардың пайда болу себептері. Еңбек дауын шешу тәртібі» «Павлодар облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ ұйымдастырған еңбек заңнамасының негіздеріне оқыту өтті.

Оқыту семинарына қатысушылар – «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының құрамына кіретін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың өкілдері.

Татуласу орталығының басшысы М.А. Иванова еңбек заңнамасының мәселелерін, келісім комиссияларының еңбек дауларын шешу тәртібі туралы, еңбек дауларының алдын алу тәсілдері және дауды сотқа дейін шешу үшін медиацияны қолдану туралы түсіндірді.

Павлодар қалалық сотының судьялары В.Н.Шевченко мен А.Р. Баймұхамбетова оқыту семинарына қатысушыларды еңбек даулары бойынша сот практикасымен таныстырды, еңбек қатынастарында қолданыстағы еңбек заңнамасының сөзсіз сақталуына назар аударды, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жекелеген ережелерінің қолданылуын түсіндірді.

Еңбек құқығының сарапшысы М.Т. Қабжамитов тыңдаушылармен еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті құқықтық реттеу, ішкі және қоғамдық бақылау мәселелерін, жазатайым оқиғаларды тергеу тәртібі туралы талқылады, өндірістік жарақаттардың себептерін тергеудің практикалық жағдайларының мысалдарын келтірді.

Семинардың практикалық бөлімінде оның қатысушылары интерактивті топтарда практикалық кейстік жағдайларды талдау негізінде ойын практикумын өткізді, бұл семинарға қатысушыларға ұнап қана қоймай, еңбек дауларын шешу тәжірибесін арттырды. Спикерден тапсырма алып, қатысушылардың төрт тобы семинардың қалған қатысушыларына ұсынылған шешімді таныстырды.

Семинар соңында Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Н.Айтжанова және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы Б.А. Қапенов оқудан өткені туралы сертификаттарды табыс етті.
Сапалы оқыту өткізгені үшін қатысушылар семинар спикерлері мен ұйымдастырушыларына өз алғыстарын білдірді.