Мемлекеттік аппаратты бюрократиясыздандыру мәселелері талқыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік аппаратты бюрократиясыздандыру мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Оған Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Берік Беркімбаев және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов қатысты.

Жұмыс тобының мүшесі ретінде комиссия жұмысына «Қызмет» салалық кәсіподағы төрағасының кеңесшісі, елордалық филиал төрағасының орынбасары Әлима Бекназарова қатысты.

Отырыс барысында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар және Қостанай облыстарының аумақтық департаменттерінің өкілдері Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік аппаратты бюрократиясыздандыру жөніндегі өз жобалары мен ұсыныстарын таныстырды.

Осылайша, кездесуге қатысушылар мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдіру және бюрократиялық рәсімдерді еңсеру, қайталанатын және артық функцияларды тудыратын себептер мен жағдайларды жою және т. б. бойынша өз ұсыныстарын айтты.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов қойылған көптеген мәселелер мен міндеттер бойынша жан-жақты жауаптар мен түсініктемелер берді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта барлық мемлекеттік қызметтерді электрондық нұсқаға көшіру, азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ) арқылы 4 Мемлекеттік қызмет қолжетімді.

Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландырудың арқасында смартфондар үшін ЕДБ қосымшалары арқылы бүгінгі таңда қазақстандықтар бала туғанда берілетін және бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақыларды, бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемді ресімдей алады, сондай-ақ салымшы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат ала алады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жай-күйі және әлеуметтік аударымдардың қозғалысы туралы хабардар етеді.

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және олардың қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі, біз азаматтарға қолжетімді қызметтер тізімін кеңейтудің ықтимал жолдарын жүйелі түрде талқылаймыз», – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Өз кезегінде жұмыс тобының басқа мүшелері де өз ұсыныстарын білдірді.
Сонымен қатар, «Қызмет» салалық кәсіподақ төрағасының кеңесшісі Әлима Бекназарова тартымды жобалардың таныстырылымы үшін алғыс білдіріп, ақпараттық базаларды бірыңғай жүйеге интеграциялау бойынша жұмыс жүргізу қажеттігін, бұл ретте қызметтерді проактивті нысанға ауыстыру бойынша жұмыс жүргізу кезінде әлеуметтік қорғау желісі бойынша Мемлекеттік қызмет алушылардың негізгі бөлігі екенін ескеру қажет екенін, бұл өмірде қиын жағдайға тап болған адамдар, көбісі компьютерлік сауаттылыққа ие емес, кейбіреулерінің интернетке қолжетімділігі жоқ және т. б. мәселелерді атап өтті.

«Қазақстанда іске қосылған отбасының цифрлық картасы азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтауға және проактивті форматта оларға кепілдендірілген мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді, бірақ біздің қызметтеріміз өтініш беру сипатына ие, бірақ көмектің ұсыныстық сипатына көшу қажет», – деп толықтырды Әлима Бекназарова.

Жұмыс тобының отырысы диалогтық форматта өтті, спикерлер барлық қызықтырған сұрақтарға толық жауап берді.