«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің жағдайымен танысу мақсатында «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.Құрманбек пен «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов арнайы барып, департаменттің басшысы Б.Өнербаевтың және департаменттің кәсіподақ комитетінің төрағасы Ғ.Нәлжановтың қатысуымен қызметкерлердің жағдайларымен танысып, кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен кездесу жиыны өткізді.
Жиынды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы
Б.Өнербаев ашып, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің кестесіне сәйкес департамент қызметкерлерінің, яғни бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің қал-жағдайымен танысу, өзекті мәселелер болса, оның шешу жолын қарастыру мақсатында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары мен «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы арнайы келгені, департамент және оның кәсіподақ ұйымы осы аталған жоғары тұрған кәсіподақтармен тығыз байланыста жұмыс жасайтыны туралы айтты.
Сонымен бірге, қызметіне жақында кіріскен «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.Айдарбекұлының істеріне сәттілік тіледі.
Жиынның күн тәртібінде үш мәселе ұсынылып, қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.Құрманбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары мен ерекшеліктеріне тоқталып өтіп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, ұсынылған мәселелер мен әлеуметтік кодекс жобасы бойынша еңбек кодексі мен бірнеше заңдарға өзгерістер мен толықтыру енгізу қажет ететіндігі, ол бойынша Үкімет пен Парламенттке үлкен жүк артылып отырғанын айтып өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бастауыш кәсіподақ ұйымының атқарған жұмыстары туралы есебін баяндау үшін, сөз департаменттің кәсіподағы комитетінің төрағасы Нәлжанов Ғалымжан 2021-2022 жылдары атқарған жұмыстары бойынша кәсіподақ ұйымының мүшелеріне есеп беріп, алда атқарар жұмыстарының міндеттері қабылданды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының атқарған жұмыстары туралы филиал төрағасы С.Әуесханов хабарлама жасап, кәсіподақ қозғалысын дамыту мен оның абыройын көтерудің негізгі бағыттарына тоқталып, оның орындалуына кәсіподақ мүшелерін белсенді атсалуға шақырды.
Жиын соңында департамент басшысы Б.Өнербаев қорытынды сөз сөйлеп, департамент қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік қызметкерлер алдыңғы шепте болатынына, оған қолдау көрсететініне, сондай-ақ қарапайым халықтың жергілікті билікке деген сенімінің артуына ықпал ететіне сенетін айтып, алда жауапты істер күтіп тұрғанын, оның ішінде әлеуметтік сала бойынша шешуді қажет ететін мәселелер бойынша тиісті іс-шаралар жоспары мен іске асыру бағдары жасалғанын, ендігі кезекте оның орындалуын жеделтетуге үлес қосу қажеттігін айтты.
Іс-шараға келген кәсіподақ өкілдеріне және жиынға қатысқан департаменттің қызметкерлеріне алғыс айтып, кәсіподақ қозғалысын әрі қарай бірлесе дамытуға үлес қосатындығын жеткізді.