Кәсіподақ бүкілқалалық сенбілікке қатысты

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты. Тұңғыш Президент атындағы Орталық саябақта ақтөбеліктер күзгі сенбілікке қатысып, қаланы көркейтуге үлес қосты.


“Ақтөбе облысы аумағында жарияланған тазалық айлығы аясында біз өзімізге бекітілген аумақты, саябақты тазарту, қоқыстардан жинау жұмыстарын атқардық. Қаламызды көркейтіп, дамуына әр кәсіподақ мүшесі осылайша септігін тигізуде”, – деп атап өтті сенбілікке қатысқан Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы А. Әмірғалиев. Сенбілікке орталық жанындағы «Келешек»жастар қанатының белсенділері де қатысты.