Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы аясында 2022 жыл балалар жылы деп жарияланды. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен өткен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссиясының отырысында «Қарағанды облысындағы балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою мәселесі жөніндегі жағдай туралы» мәселе егжей-тегжейлі қарастырылды.
Жұмыспен қамту саласында жастарды жұмыспен қамту бойынша Саран қаласының жұмыс тәжірибесі атап өтілді. Осы ретте жасөспірімдерді жазғы демалыс уақытында жұмысқа орналастыру шеңберінде мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қоғамдық жұмыс көзделген.
Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының аумағында кәмелетке толмағандарға қатысты, Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптарын бұзу (еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша «Жаңа қаладағы Жайлы Үй» ТК өндірістік алаңында тіркелген теріс жағдайды атап өтті.
Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабеков отырысқа қатысушыларды Балалар жылы аясында 2022 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының мүше ұйымдары – теміржол көлігі, құрылыс кешені қызметкерлері, энергетиктер, «Қорғау» көміршілері, «SENIM» білім беру және денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері 3100 отбасыға 35 млн. теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілкені туралы хабардар етті.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымының бастауыш кәсіподақ ұйымдары ғана аз қамтылған отбасылардан шыққан 1200 оқушыны қолдау үшін кеңсе тауарлары мен мектеп керек-жарақтарын сатып алуға 24 млн. теңгеден астам қаражат бөлді.
Талқылауға Қарағанды облысы еркін кәсіподақтар Достастығының төрағасы Сергей Белкин және Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу қауымдастығының президенті Владимир Быков қатысты.