Ақтөбе облысындағы бастауыш кәсіподақ ұйымы жетістіктерге қол жеткізуде

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Комсомол ауылында орналасқан «Комсомол» серіктестігі егін ору науқанын сәтті бастады. Биыл астықты ауданда серіктестікте бастауыш кәсіподақ ұйым мүшелеріне әлеуметтік әріптестік аясында жұмыс берушімен кәсіподақ үлкен қолдау жасап отыр. Жұмысшылардың жалақысы өсті. Серіктестікте 115 жұмысшы бар. Олардың 100 пайызы бастауыш кәсіподақ ұйымына мүше. “Қазір гектарына 10-12 центрден өнім жинауда. Ауа райы қолайлы болып тұр. Сәтін салса,қазанның алғашқы апталарында күзгі егін ору жұмыстарын аяқтаймыз”, – дейді бастауыш кәсіподақ ұйым төрағасы Әкімжан Баймышев.


Серіктестік 1998 жылы құрылған. Кезінде бұл жерде тың игеру жылдары іргелі ауыл шаруашылығы кәсіпорны жұмыс жасаған. Қазірде бидайдың элиталық тұқым түрлерін өсірумен айналысады. Мұнда бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы жүйелі жолға қойылған. Ұжымдық шарт аясында бастауыш ұйым мүшелеріне әлеуметтік қолдау жақсы жасалған.
Серіктестік директоры Виктор Волынец пен бастауыш кәісподақ ұйымының жетекшісі Әкімжан Баймышев екеуі бірлесе жауапкершілікпен ұжым бірлігін сақтап, еңбек етуде. Ауыл тұрғындарын еңбекпен қамтып, тұрмыстарын түзеп отырған іргелі шаруашылықта кәсіподақ мүшелеріне жан-жақты қолдау жасалған.