Бұл жолы облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Әсет Серікқалиұлы Қыдырманов Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бәйтерек» күндіз болу орталығы орталығы ұжымымен кездеcті.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен әр өңірде «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы ұйымдастырылуда. Аталған акцияның мақсаты – еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді ашық жеткізе отырып, оларды шешу үшін оңтайлы шаралар қабылдау.
Ұжымның жағдайымен танысқан Әсет Серікқалиұлы Қыдырманов бастауыш ұйым мүшелеріне әлеуметтік әріптестік жылы аясында ҚР Кәсіподақтар федерациясының тарапынан еңбеккерлердің құқығын қорғауда бүгінгі таңда атқарылып жатқан «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы, «Парыз», «Еңбек жолы», «Еңбек адамын ұлықтау» республикалық медиа-байқауы, «2022 жылғы үздік ұжымдық шарт», «Заң клиникасы» жұмысы жайлы айтты.
Жиында сөз алған «Қызмет» мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы Жақсылық Қаһарман Еркінайұлы қатысушыларға мұндай кездесулер бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен тікелей байланыс орнатып, еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік беретінін жеткізді.
Басқосуда орталық қызметкерлері де өз ойларын ортаға салып, музыка, дене шынықтыру және еңбекке оқыту мұғалімдерінің апталық жүктемесі, кіші персоналдың жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына қатысты сұрақтар көтерді. Аталған еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстардың тізбесіне құқық беретін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығына өзгертулер енгізілсе деген ойларын жеткізді.
Сөз соңында Әсет Қыдырманов әріптестік аясында мәселелерді шешу үшін жұмыстар жасалатынын жеткізді.