БҚО Кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» Орал қалалық филиалының төрағасы Төлеген Темешев ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Орал қалалық №42 «Ақ ниет» гимназиясының қызметкерлерімен кездесті.
Бұл оқу ордасы қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұрлыбек Ильясов кәсіподақ жұмысы мен еңбеккерлерге көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдаулар жөнінде есеп берді.
Кездесудің негізгі мақсаты – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіріп, кеңінен насихаттау. Ондағы еңбек адамына қатысты, білім беру саласындағы өзгерістер мен ең төменгі жалақы мөлшерінің көтерілуі секілді бөлімдерге тоқталып, түсінік беру.
Айгүл Оразқызы өз сөзінде облыстық кәсіподақ орталығының «Заң клиникасы», «Қоғамдық қабылдау» сынды жобаларын таныстырып, кез-келген уақытта телефон, әлеуметтік желілер арқылы және кеңсеге келіп, еңбек қатынасына байланысты тегін құқықтық кеңес алып, заңгер көмегіне жүгінуге болатынын айтып, БҚО «Кәсіподақтар орталығының» негігі міндеттері мен қызметтерін атап өтті. Төлеген Талғатұлы, өз кезегінде, кәсіподақ ұйымы жөнінде мейлінше көп ақпарат беріп, қала көлемінде атқарылып жатқан жобалармен таныстырды.
Кездесу соңы сұрақ-жауаппен аяқталды. Ұстаздар өз көкейіндегі сұрақтарды қойып, оларға мардымды жауап алды.