Еңбек адамдары ұлықталды

Жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрлерін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіндіру мақсатында 2013 жылы Президент Жарлығымен Еңбек күні бекітілген еді. Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісі аталып өтетін мерекені Жезқазған аймақтық кәсіподағы да елеусіз қалдырмайды. Балқаш қаласында Асем Айтжанованың ұйымдастыруымен марапаттау салтанаты өтті.


Әсем әнмен, күмбірлеген күймен ажарланған шарада еселі еңбегімен ел экономикасын дамытуға үлес қосып жүрген кәсіподақ белсенділері Қазақстандық салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен марапатталып, кеудесіне “Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін” белгісін тақты.