Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі 2022 жылғы 23 қыркүйекті өндірістік жарақаттанудың алдын алудың бірыңғай күні деп жариялады.
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізді. Ұйымдардың, құрылымдық бөлімшелердің басшыларының, еңбекті қорғау қызметі, ұйымдардың кәсіподақ комитеттері өкілдерінің қатысуымен оқыту семинарлары, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, өткізілді.
«Ең бастысы, іс жүзінде өз лауазымдық міндеттерін және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын орындау, сондай-ақ мұқият болу және өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігі туралы есте сақтау маңызды. Жарақаттанудың алдын алу өз денсаулығын толық қалпына келтіруден гөрі әлдеқайда оңай», – деп атап өтті өндірістік жарақаттанудың алдын алудың бірыңғай күніне қатысушылар.