Кәсіподақ төрағасы ҚР Энергетика министрімен жүздесті

Павлодарда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында ҚР Энергетика министрі Б.Ақшолақов халықпен кездесті. Кездесуде еңбеккерлер ұжымының атынан “Павлодарэнерго” энергожүйесі жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Б.Төлеубаев сөз сөйледі, онда «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» компаниялар тобының мысалында энергетиктердің проблемалары туралы айтып берді.


ҚР қолданыстағы Еңбек кодексі бас, салалық және өңірлік келісім, сондай-ақ ұжымдық шарттар арқылы әлеуметтік әріптестік шеңберінде қосымша әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер белгілеуді көздейді. Алайда, табиғи монополия субъектілері бұл құралдан айырылған, оларға шектеулі пайда аясында қосымша әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер белгілеуге тыйым салынады. Бұл құралдың болмауы қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға бағытталған Еңбек кодексінің нормаларын іске асыру үшін кедергі болып табылады, бұл, әрине, еңбек ұжымдарында түсінбеушілік пен әлеуметтік шиеленісті тудырады.

«Біздің энергетикалық кәсіпорындар табиғи монополия субъектілері болып табылады және олардың мүмкіндіктері «Табиғи монополиялар туралы» Заңмен және «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларымен» шектелген. Жалақының аздығы, денсаулығын сауықтыруға, емделуге, әлеуметтік қолдаудың басқа да түрлері бойынша әлеуметтік төлемдердің болмауы кәсіпорынға жас мамандарды тартпай отыр», – деді кәсіподақ басшысы Балтабек Төлеубаев.

Кездесуден кейін министр азаматтарды жеке қабылдады, онда «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» жергілікті энергетиктер кәсіподағының төрағасы Б.Төлеубаев энергетика мәселелері, кәсіподақтар тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы министрмен диалогты жалғастырды.

Энергетика министрі кәсіподақтардың ұсыныстарын зерделеуге және қарастыруға уәде берді.