2022 жылғы 22-23 қыркүйек күндері Машина жасаушылардың салалық кәсіптік одағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша байқау, машина жасау, оның ішінде қорғаныс өнеркәсібі саласындағы кәсіби шеберлік конкурсын өткізді.
Байқау-конкурсты өткізудің негізгі мақсаты үздік қызметкерлерді анықтау және олардың рекордтық жетістіктерін насихаттау, техникалық мамандықтардың мәртебесі мен әл-ауқатын арттыру және өндіріске жас мамандарды тарту арқылы Қазақстан Республикасының машина жасау саласындағы еңбек сапасы мен өнімділігін арттыруға ынталандыру болып табылады.
Осы байқау-конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық машина жасау кәсіпорындары (оның ішінде қорғаныс өнеркәсібі) шақырылды. Зауыт өкілдерінің, әлеуметтік әріптестердің барлық шығындарын кәсіподақ төледі.
Киров атындағы зауыт қызметкерлері жоғары кәсібилікті көрсетті және конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес жарыстың нәтижелері бойынша “Завод им.С.М. Кирова” АҚ қызметкерлері жеңімпаздар мен жүлдегерлер болды: “Еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспектор” номинациясы бойынша 2 орынды – Сигутин Анатолий Анатольевич, “Үздік токарь” номинациясы бойынша 3 орынды – Мақанов Санат Сембайұлы иеленді.