Әлеуметтік әріптестік жылында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мүшелік ұйымдарында белсенді жалғасын тапқан «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» науқаны шеңберінде Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев бастаған кәсіподақтар тобы «Қызылордажылуэлектрорталығы» кәспорынындағы еңбек жағдайына қоғамдық бақылау жүргізді.
Еңбек ұжымы мүшелерімен кездесіп, олардың еңбек жағдайы мен жалпы кәсіпорындағы ебек тынысы туралы сұқбаттасқан кәсіподақ көшбасышлары жұмыскерлермен мекеменің еңбек режимі, еңбек қауіпсіздігі мәселелері туралы пікір алмасты. Кездесу барысында кәсіпорынның кәсіподақ ұйымы төрағасы Ғалымжан Қайырбергенов мамандардың жалақыларын көтеру, еңбек қауіпсіздігін күшейту, кәсіподақ ұйымының жұмысын жан-жақты нығайту туралы ұсыныс-пікірлерін айтты.