Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің кезекті Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес төрағасы, Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов төрағалық еткен алқалы жиынға облыстық салалық кәсіподақ үйымдарының басшылары қатысып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді: жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу, жалақы қарыздарына жол бермеу, еңбек дауларының алдын алу, «Қазақстан кәсіподағы» газетіне алдағы жылға жазылу науқаны, «Кәсіподақтар күні» мерекесіне қатысты іс-шаралар жоспары және басқа да сұрақтар қаралды.
Сонымен қатар, жиында Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің жұмыстары туралы баяндалып, өңірдегі ірі салалардың, яғни білім саласы, денсаулық сақтау саласы, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік қызмет және мәдениет саласы сияқты салалық кәсіподақ ұйымдары жетекшілерінің атқарған жұмыстары туралы ақпараттары тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау барысында кеңес төрағасы, Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов әріптестеріне кәсіподақ ұйымдарының жұмысына қатысты барлық өзекті мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан толық қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Бұл өңірдегі әлеуметтік әріптестіктің мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, кәсіподақ қызметін жандандыруға сеп болатындығын баса айтты.
Жиынды қорытындылай келе кеңес төрағасы салалық кәсіподақ ұйымдарының басшыларына нақты тапсырмалар берді.