Талдықорған қаласында 10 қазан – Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күніне орай салтанатты мерекелік шара өтті. Салтанатты жиында еңбек адамының мүддесін қорғап, кәсіподақ қозғалысын дамытуына барынша үлес қосып жүрген түрлі саладағы кәсіподақ қозғалысының белсенділері арнайы марапаттарға ие болды.
Мерекелік шараға «Жетісу, Алматы облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдері қатысты.
Салтанатты жиынның шымылдығын ашқан Кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Қаһарман Еркінайұлы жиынға қатысушыларды алдағы келе жатқан кәсіподақтар күні мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Мерекелік шарада бірқатар кәсіподақ қозғалысының белсенділері ҚР Кәсіподақтар федерациясының төс белгілерімен, Жетісу облысы әкімінің Құрмет грамотасы, облыстық мәслихаттың, салалық кәсіподақ пен аумақтық кәсіподақ бірлестігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.