Мейірім – адамгершілік белгісі

Алматы облысы «Қамқор» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Мейірім – адамгершілік белгісі» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың арнайы концерті өтті.

Концертке «Қамқор» балалар үйінің сыйлы қонақтары, облыстық әжелер кеңесі, балалар үйіне көмек көрсетіп жүрген меценаттар, «Сбербанк» қызметкерлері, «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Б.Жаксикельдинов қатысты. Мерекелік шара барлық қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлап, біраз жандардың мейірімін оятты. Шара соңында жақсы тілектер мен құттықтаулар айтылды.

Мерекелік шара соңында «Қамқор» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының барша ұжымына «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Б.Жаксикельдинов кәсіподақ жұмысы туралы қысқаша ақпарат беріп, презентация жасады. Ұжым басшылығы да кәсіподаққа қосылу туралы оң пікірін білдірді.