2022 жылғы 6 қазанда Одақтар үйінде Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күніне арналған Павлодар облысының аумақтық бірлестігінің салтанатты іс-шарасы өтті.
Іс-шараға кәсіподақ қозғалысының ардагерлері, Павлодар облысының салалық, жергілікті және бастауыш кәсіподақ ұйымдары филиалдарының төрағалары, Павлодар облыстық сотының өкілдері, әлеуметтік әріптестер қатысты.
Кәсіподақ қозғалысының ардагерлерінен Р.Ирмуханова құттықтау сөз сөйледі.
«Еңбек адамы-қоғамның басты байлығы. Еңбек адамын құрметтеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау – біздің кәсіподақ ұйымдары қызметінің негізгі қағидаты. Осы мереке күні Мемлекет құрылысының күрделі жылдарында кәсіподақ қозғалысын сақтап қалған біздің кәсіподақ қозғалысының ардагерлеріне ерекше құрмет. Қазіргі кезеңде кәсіподақ бірлестіктері әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлеріндегі қызметкерлердің мүдделерін белсенді түрде білдіреді, келісім комиссиялары құрамындағы қызметкерлердің мүдделерін қорғайды, кәсіподақ мүшелерінің белсенді демалысы мен сауығуына қамқорлық жасайды»,- деп атап өтті Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова.
Көп жылғы еңбегі үшін, кәсіподақ жүйесін дамытудағы сіңірген еңбегі үшін және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалімен «Павлодар қаласының №11 сәбилер бақшасы» тәрбиешісі – бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Е.Беркетова марапатталды.
Еңбек адамының мүдделерін қорғаудағы және кәсіподақ қозғалысын дамытудағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамоталарымен Павлодар қаласы әкімдігінің Павлодар қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ бөлім меңгерушісі Д.Тлебалдина және «Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» ММ директорының орынбасары Б. К. Жанахметова марапатталды.
Көп жылғы жемісті еңбегі, кәсіподақ жұмысына белсенді қатысқаны үшін Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамоталарымен «Павлодарэнерго» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының бухгалтері О.Крист және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ заң бөлімінің бас маманы М.Верхутина марапатталды. Кәсіптік одақтар өкілдеріне Павлодар облысы аумақтық бірлестігінің әлеуметтік әріптестерінің өкілдері «Павлодар облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ басшысы А.Жұмамұратов және «Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының басшысы А.Капенова құттықтау сөз сөйледі.