Жалпы облыс аумағында екі айлық аясында қазір тазалық акциясы өтуде. Көптеген мекемелер мен кәсіпорындар сенбіліктерге белсенді түрде қатысып жатыр. Кәсіподақтар орталығы өздеріне бекітілген аумақты қоқыстардан тазартып, қала тазалығына үлес қосты.
“Бұл жолы сенбілікке 10-нан астам адам шықты. Скверді күл-қоқыстан, жапырақтардан тазарттық. Бұл аумаққа жаз айларында ешқандай күтім жасалмаған. Біз осы жерге екі айлық аясында әр сенбі сайын үздіксіз тазалық жұмыстарын жүргізудеміз. Жалпы тазалық әр ауладан басталатыны белгілі. Бір қуантарлығы, «Келешек» жастар кеңесінің өкілдері де белсенді ат салысуда”, – деп атап өтті сенбілікке қатысқан Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығы төрағасы А.Әмірғалиев.