Еңбек адамы – Масабаева Мейрамгүл Мұратбекқызы

Алматы облысы, Талдықорған қаласы №4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Масабаева Мейрамгүл Мұратбекқызы өзінің саналы өмірін бастауыш сынып оқушыларын оқытуға арнады. Биыл мектепте үздіксіз жұмыс жасағанына 23 жыл болды. Ол 1974 жылы, 9 қарашада Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келді. Ақсу ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті үздік аттестатпен тамамдаған. Жүрегі мектеп ұстазы болуды аңсаған Мейрамгуль Муратбековна 1998 жылы Тараз қаласындағы «Әулие Ата» университетіне оқуға түседі. Тараз қаласындағы №45 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп гимназиясына бастауыш сынып мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданып, өзінің қалаған мамандығы бойынша жұмысын бастаған.

Білім беру саласына Тараз қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы №45 орта мектеп гимназиясына 1999 жылдан бастап іске кірісті. 2001-2011 жылдары Тараз қаласындағы №43 орта мектепте сабақ беріп кәсіби шеберлігімен, терең білімімен, ізденімпаздығымен, берілген тапсырманы аса жауапкершілікпен орындайтындығымен ерекшеленеді. 2011 жылдан бастап Алматы облысы, Талдықорған қаласы №4 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарды.

Масабаева Мейрамгуль Муратбековнаның жұмысына көңіл бөлетінін ізденіс жұмыстарынан да аңғаруға болады. Мұғалімдерге көмекші құрал ретінде бірнеше оқулықтың авторы. Атап айтатын болсақ, «1-4 сыныпқа арналған көшіріп жазу мәтіндер жинағы», «1-4 сыныпқа арналған мазмұндамалар жинағы», «1-4 сыныпқа арналған диктанттар жинағы», «1-4 сыныпқа арналған бақылау жұмысының жинағы», «1-2 сыныпқа арналған математикадан логикалық тапсырмалар», «3-4 сыныпқа арналған математикадан логикалық тапсырмалар». Авторлық бағдарламалары жылдық жоспары және сабақ жоспарымен қоса даярланған. Сонымен қатар, жаңа білім мазмұны бойынша «Бастауыш сыныпта тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану» әдістемелік жинағының құрастырушысы.

Оқушылары «Ақ бота», «Русский медвежонок» сияқты интеллектуалды ойындарда жүлделі орын алып жүреді. Сонымен қатар, «Зерде», «Дарын» сияқты ғылыми ізденіс жұмыстарына оқушыларын дайындауды шет қалдырмайды. Оқушылары бастауыш сынып оқушылары болса да қалалық, облыстық, Республикалық ғылыми жобаларға қатысып, жүлделі орындар алып жүреді. Биылғы «Балалар жылы» аясында Республикалық «Дарын» ғылыми ізденіс жұмыстарына оқушыларын қатыстырып, жүлделі орынға ие болды.
Мейрамгуль Муратбековна өз жұмысына жан-жақты қарауға тырысады. «Оқу мен тәрбие егіз» деп қазақ халқым айтпақшы оқумен бірге тәрбие жұмысында бірге алып жүреді. Шәкірттің алғырлығын, тапқырлығын, мәдениетті болуын бойына сіңіруді көздеп отырады. Қала, облыс көлемдерінде өткен тәрбие сағаттары, ашық сабақтары әріптестерінің көңілінен шығып жоғары баға беріліп отырады.

Ерен еңбектері үшін Қалалық білім басқармасы, Облыстық білім басқармасының мақтау қағаздарымен, Қалалық әкімнің мақтау қағазымен марапатталған. Сонымен қатар, білім саласына сіңірген еңбегі, жас жеткіншектерге берген тәрбиесі үшін «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапатталған. «Ұстаз даңқы 100 есім» атты кітапқа да есімі еніп, төсбелгімен марапатталды.

Масабаева Мейрамгуль Муратбековна еңбек сүйгіштігімен, іздемпаздығымен, жаңашыл, кәсіби шеберлігімен өзіне де, өзгеге де талап қойғыштығымен, адамдық асыл қасиеттерімен, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар ұжымында сыйлы және беделді.