Қазақстан кәсіподақтары күніне орай Хромтау аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы салтанатты шара ұйымдастырды.
Салтанатты жиынға мектеп басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, есепшілер, кітапханашылар мен кіші қызметкерлер қатысты. Аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Аканова кәсіподақ мүшелерін мерекемен құттықтап, қызметкерлердің құқығы мен мүддесін қорғауда белсенділік танытқан кәсіподақ мүшелеріне алғыс хат және сыйақы табыстады.
Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.