Кәсіподақ белсенділеріне құрмет көрсетілді

Құрылыс кешені мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы “Астана” қалалық филиалы Қазақстан кәсіподақтар күніне арналған салтанатты жиын өткізді.

Жиынға бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшылары мен белсенділері, Астана қаласының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов, Астана қаласының Мәслихат депутаты Динара Оразалина қатысты.

Құрылыс кешені мен ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Астана» қалалық филиалының төрайымы Тілеулес Мадьярова Қазақстан кәсіподақтар қозғалысының тарихын айта келе, қазіргі таңда ҚР Кәсіподақтар федерациясы елдің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешу бойынша мемлекеттік органдармен лайықты әріптестікті нығайтып, әлемдік кәсіподақ қозғалысына белсенді қатысатындығын айтты.

«Қазіргі уақытта ең төменгі жалақы деңгейін дамыған елдердегі ұқсас көрсеткіштерге жақындату мақсатында федерация мен мүше ұйымдардың әрекеттері Қазақстандағы еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларға бағытталған деп атап өтті»,- Т.Мадьярова.

Астана қаласының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов жұмыскерлердің әлеуметтік – экономикалық құқығын қорғауда салалық кәсіподақпен атқарылып жатырған нақты жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, ол 10-қазан күні өткен Кәсіподақтар федерациясының «Бірлік. Әділеттілік. Даму.» ынтымақтастық форумында қабылданған еңбеккерлердің әл-ауқатын арттыру бойынша шұғыл іс-шаралар туралы қарарымен таныстырды.

«Кәсіподақтар еңбек ұжымдары қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Мен өзімде кәсіподақ мүшесімін. Сіздер жұмыскерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды лайықты атқарып келесіздер. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға амандық, кәсіподақ қызметіндегі еңбектеріңізге жетістіктер тілеймін», – деп құттықтауын жеткізді Астана қаласының Мәслихат депутаты Динара Оразалина.

Жиын соңында еңбек адамының мүддесін қорғаудағы белсенді қызметі үшін кәсіподақ көшбасшылары мен қозғалыс белсенділеріне құрмет көрсетілді.

Олардың арасында ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақ Ардагері» медалімен «Астана Тазалық» ЖШС Сарыарқа ауданының санитарлық тазарту учаскесіннің бригадирі Салтанат Наусарова, «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалімен «Астана-Зеленстрой» ЖШС жасыл құрылыс қызметінің көгалдандыру шебері Іңкәр Наурызбаева мен «Астана Теплотранзит» АҚ баптау қызметінің технигі Гүлнәр Ахметова және ҚРКФ «Еңбек озаты» медалімен «Мемсараптама» РМК ЛПР бас бухгалтері Маржан Саринова марапатталды.