Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «ENERGY SERVICE-PVL» ЖШС кәсіпорнында келісім комиссиясының мүшелерін оқытуды өткізді.
Семинардың бірінші күнінің спикерлері Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы М.Иванова, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті» РММ басшысы Е.Губарев, «Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры А.Капенова болды.
Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы М.Иванова жеке еңбек дауларын қарау тәртібі, келісім комиссиясының жұмысын құқықтық реттеу туралы айтып, еңбек дауларын шешу кезінде медиацияны қолдану мысалдарын келтірді, еңбек заңнамасының өзекті мәселелерін қарады.
Қазақстан Республикасының азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін спикер Е.Губарев түсіндірді.
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру – жұмысшы халықты қорғау» тақырыбында спикер А.Капенова сөз сөйледі.
Семинардың жеке тақырыбы еңбек дауларын шешу үшін татуластыру рәсімін – медиация рәсімін зерделеуге арналған. Келісім комиссиясының мүшелерін оқыту бойынша екі күндік семинар өз жұмысын бүгін жалғастырды.