Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға салалық кәсіподақтар филиалдарының және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары, кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының жуырда өткен форумында қабылданған резолюциясына қолдау білдіру мәселесі қаралды.
Үйлестіру кеңесінде Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігінің төрағасы А.Әмірғалиев «Бірлік. Әділеттілік. Даму» ҚРКФ ынтымақтастық форумында жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі мен жалақы мәселесіне қатысты бірқатар ұсыныс айтылғанынан хабардар етті. Сонымен қатар, ҚРКФ төрағасы С.Дәулеталиннің бастамаларымен кеңінен таныстырды.
Сондай-ақ, жуырда өткен форумда ҚРКФ күзгі сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға қатысты өз ынтымақтастығын білдірді. Форумға қатысушылардың «2022 жылдың күзіндегі сайлау науқанында ҚРКФ іс-әрекеттері туралы» қарарда, яғни резоюцияда біртұтас шешім қабылдады. Ақтөбелік кәсіподақ жетекшілері де осы қарарға бірауыздан қолдау танытты.