Кәсіби мерекеге орай кәсіподақ үздіктері марапатталды

10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күніне орай салтанатты мерекелік шаралар облыстық және аудан деңгейінде атап өтілді. Кәсіподақтар күнін атап өту арқылы осы қозғалысты қоғамда кеңінен насихаттап, кәсіподақ қозғалысының дамуы жолында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, зор үлес қосқан ардагерлерімізге құрмет көрсетіп, кәсіподақ ұйымдарында белсенді қызмет еткен азаматтарды марапаттап, еңбек адамын дәріптеу, қолдау болып табылады.

Салтанатты жиында еңбек адамының мүддесін қорғап, кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосып жүрген түрлі саладағы кәсіподақ қозғалысының ардагерлері мен белсенділері арнайы марапаттарға ие болды.

Кәсіподақ қозғалысын дамыту мен жетілдіруге сіңірген еңбектері жоғары бағаланып, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Қызмет» Салалық комитеттің «Кәсіподақ қайраткері» медалімен Сарыағаш ауданы «Нұрболат» өндірістік кооперативі медицина орталығының заңгері  Рысқұлбек Көпжасаров марапатталды.

«Қызмет» салалық комитеттің Түркістан облыстық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымдары Жастар ресурстық орталығы бастығының орынбасары  Айгерім Керімбекова мен «Балапан» балабақшасының әдіскері  Бағила Исатаева марапатталып, бұдан бөлек бірқатар кәсіподақ белсенділері облыстық филиалдың Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталды.