Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күніне арналған «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының салтанатты іс-шарасы Павлодар медициналық жоғары колледжінің акт залында өтті, оған облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, әлеуметтік әріптестер және облыстың профактиві қатысты.
«Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ Павлодар облысының Денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Г.Елтаева, «Павлодар облысы бойынша тәуелсіз сарапшылар қауымдастығы» ҚБ төрағасы Г.Джакова медицина жұртшылығын Кәсіподақтар күнімен құттықтады.
Іс-шараның басында қатысушылар мен қонақтарға «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының қызметі туралы бейнероликтер көрсетілді, одан кейін «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы С.Төлегенова сөз сөйлеп, «SENIM» кәсіподақ ұйымының қызметі туралы ақпарат бере отырып, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметкерлерінің маңызды мәселелерін шешудегі ынтымағы мен бірлігі үшін әлеуметтік серіктестерге, мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер өкілдеріне, әріптестерге алғыс білдірді.
Салтанатты іс-шара барысында 50-ден астам кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділері «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төсбелгілерімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен; Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамоталарымен; «Арман» СҮ сыйлық сертификаттарын тапсыра отырып, «SENIM» облыстық кәсіподағының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Павлодар және Екібастұз қалаларының медициналық колледждерінің төрт студентіне 2022-2023 оқу жылына арналған «SENIM» атаулы стипендиясы» сертификаттары табысталды.
Іс-шара соңында мерекелік іс-шараға қатысушылар үшін жергілікті эстрада әртістері музыкалық композициялар мен нөмірлермен өнер көрсетті.